Құрметті ата-аналар! Астана қаласы әкімдігінің «№68 орта мектеп» КММ болып 2011 жылы, тамыз айында ашылған. 2018 жылдың 19 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «№68 мектеп-гимназия» КММ статусы берілді. Мектеп-гимназияда 1688 оқушы білім алады. Оның ішінде бастауыш сыныпта – 843 оқушы, 5-9 сыныпта – 732 оқушы., 10-11 сыныпта – 113 оқушы. Даярлық топта – 119 оқушы қамтылған. 2017 жылы 5 қазанда «SAMURYK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ДАРА» қорының қолдауымен мектебімізде инклюзивті білім беруге байланысты ресурстық орталық ашылды. Сол уақыттан бастап мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізіліп келеді. Орталықта оқушылармен логопед, психолог, дефектолог, дене шынықтыру арнайы мамандар, тьютерлер жұмыс жасайды. Мектепте үлкен және кіші спорт зал, жаттығу залы, футбол алаңы, кітапхана, акт залы бар. Информатика, лингофондық кабинеттер және технология кабинеттері, зертханалық кабинеттер, спорт зал, асхана т.б. заманауи талапқа сай жабдықталған. Балалар мен жасөспірімдердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибелік іс -әрекеттер, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде қосымша білім беру жүйелі жолға қойылған. 2018 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласы Оқушылар сарайының «SHUG`YLA» қоғамдық комунити орталығы ашылды. Онда 3D модельдеу, Робототехника, Би , Көркем сурет , Әуен әлемі, Лингвистика, Спорт әлемінде студиялары жұмыс істейді. Бүгінгі күні 1401 оқушы жазылып, әр түрлі үйірмелерге қатысып, өз шығармашылықтарын шыңдауда. Мектебімізде «Ұлы дала мұрагерлері» тәжірибелік алаңы жұмыс атқыруда. Оқушылар Қазақстан тарихын біліп, өлкетану және туризмге мән беріп, экономикалық сауаттылықтарын арттыру арқылы кез-келген тәуекелділіктерге қарсы тұра алатын тұлға болып қалыптасады. Құрметті ата-аналар! Сіздерге және сіздердің балаларыңызға оқу жылының табысты өтуіне, сонымен бірге бітіруші сыныптардың қорытынды аттестаттауы және ҰБТ-да тек қана үздік нәтижелерге жетулеріңізге тілектестік білдіремін.