Астана қаласы әкімдігінің «Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК

Мектептің сипаттамасын, оқу сапасы, рейтингі және педагогикалық құрамы туралы ақпаратты оқыңыз

Мектеп туралы ақпарат

Атауы:
Астана қаласы әкімдігінің «Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
Оқу тілдері:
Қазақ тілі
Меншік нысаны:
Мемлекеттік
Түрі:
Мектеп-лицей
Бейіні:
Жаратылыстану-математикалық
Бір айлық базалық құны:
17 697 теңге
Құрылған жылы:
01.01.2012
Лицензияның нөмірі:
Қосымша жабдықталуы:
Интеллектум кабинеттері, STEM, PASCO, робототехника кабинеттері
Телефоны:
+7 (701) 544-12-73; +7 (717) 250-15-31
email:
70astana-mektep@mail.ru
Web-сайт:
70.astana-bilim.kz
Мекенжайы:
Астана қаласы, Майқайың көшесі, үй 1

Мектеп туралы қосымша ақпарат

МОЛДАБЕКОВА САУЛЕ ШАМУРАТОВНА
МОЛДАБЕКОВА САУЛЕ ШАМУРАТОВНА
  • Лауазымы: Директор
  • Жасы: 59
  • Негізгі білімі: Жоғары
  • Санаты: Жоғары
  • Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі: 27
  • Басшының жалпы жұмыс өтілі: 13
  • Наградалары және белгілері: «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен т.б медальдармен, облыстық, қалалық марапаттаулармен марапатталған
Басшының үндеуі

Құрметті ата-аналар! Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы Майқайын көшесі 1- үйде орналасқан «№70 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың 01 қыркүйегінен бастап жұмыс жасауда.Мектеп-лицейдің бағыты- жаратылыстану-математика. 2013 жылдан бастап көптілділікті дамыту бағытында, 2017 жылдан бастап «Интеллектум» инновациялық жобасы талдаудан өткізілуде. Мектепте оқушылардың зияткерлігі мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін көшбасшы мұғалімдер жұмыс жасайды. Мектептің құндылықтары ретінде отансүйгіштік, мәдениетаралық сыйластық, құрмет сезімі, эмпатия, еңбексүйгіштік қабылданған. Мектептің материалдық-техникалық базасы толығымен шығармашылық дарындылықты арттыруға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның ішінде робототехника, интеллектум, информатика, мультимедиялық кабинеттер бар, 2019 жылы STEM, PASCO зертханалары орнатылды. Мектепте заманауи үлгідегі кітапхана, асхана бар. Коворкинг, IT алаңдары оқушылардың бос уақыты мен демалысына арнайы жабдықталған. Спорт секцияларының, шахмат, би, домбыра үйірмелері үшін мүмкіндік жасалған. Вокал, театр өнері, қолөнер оқушы қабілетін ашуға әсер етеді. Біздің мектеп-лицей Нұр-Сұлтан қаласындағы ең үздік мектептердің қатарында. Құрметті ата-аналар! Біз Сіздерді және балаларымызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бітіруші түлектерімізге мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуде жоғары дәрежеден көрінуді тілейміз!