1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш беру

Мемлекеттік және жекеше білім беру ұйымдарына 1-сыныпқа қабылдау туралы электрондық өтінішті беру

Өтінішті қалай беруге болады? Қарау
Электрондық өтінішті қалай және қайда беруге болады?

Электрондық өтінішті SAKURA АЖ порталы арқылы беруге болады

Өтінішті кімдер бере алады?

Өтінішті баланың ата-аналары не заңды өкілдері ғана бере алады

Өтініш қалай және қай мерзімде тіркеуден өтеді?

Бес жұмыс күні ішінде өтініш берілген мектеп тіркеуден өткізеді

Қызметті қалай алуға болады?

Қызмет "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетіледі (электрондық не қағаз түрінде, таңдауға болады).

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жеке жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған портал арқылы берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей

Баланың заңды өкілі деген кім?

Баланың заңды өкілі – бұл ата-ана, немесе баланың мүдделерін білдіруге ресми (яғни, құжат түрінде) уәкіл етілген тұлға (асырап алушылар, қамқоршылар, қорғаншылар)

Шетелдік балаға өтінішті қалай беруге болады?

Баланың азаматтығы және оның туған жері маңызды емес. Кез келген бала білім беру ұйымына жазылуы мүмкін. Егер заңды өкілінің ЖСН болса, барлық балалар үшін рәсімдер бірдей

БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ Қарау
Баланы кім, қалай және қандай мерзімде мектепке қабылдайды?

Мектеп күнтізбелік 10 күн ішінде баланы мектепке қабылдайды, ата-анасы баласы қабылдану үшін құжаттардың түпнұсқаларымен келуге тиіс

Тұрғылықты мекенжайы бойынша белгілі бір мектепке жатпайтын бала сол мектепке қабылдануы мүмкін бе?Егер қабылданса, қалай? Егер болмаса, неліктен?

Иә, кез келген мектепке, егер мектепте квоталық орындар болса. Мектепте квотаның болуы/болмауы туралы порталдан немесе тиісті мектепке жолығып, білуге болады

Менің тұрғылықты мекенжайым қай мектепке бекітілгенін қайдан және қалай білуге болады?

Порталда «Мектепті іздеу» бөлімінде тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша мекенжайыңыздың қай мектепке бекітілгенін қарай аласыз.

1-сыныпқа құжаттарды және оқуға қабылдау қай кезде жүзеге асырылады?

Құжаттарды қабылдау және 1-сыныпқа оқуға қабылдау 01.04.2024 – 01.08.2024 аралығында жүзеге асырылады

ЕГЕР ЖАЗЫЛА АЛМАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ? Қарау
Егер мектеп өтінішті тіркеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, қайда және кімге жолығуға болады?

Қаланың білім бөліміне не поштаға хат жазу, не телефонмен қоңырау соғу, не бөлім басшысының орынбасарына қабылдауға жазылу

Заңсыз бас тартылған жағдайда, қайда жолығуға болады?

Қаланың/ауданның білім бөліміне

Тағы нені білу керек? Қарау
Балалар неше жастан бастап 1-сыныпқа қабылданады?

Бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар қабылданады

Өтініштің тіркеуге түскенін қалай түсінуге болады?

Электрондық өтінішті беру кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS хабарлама түседі немесе сіз мәртебесін жеке кабинет арқылы тексере аласыз

1-сыныпқа қабылдау үшін тестілеу, сынақтар және конкурстар өткізіледі ме?

Мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына балаларды қабылдау кезінде емтихандар, тестілеу, сынақтар, конкурстар өткізілмейді

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға өтінішті қалай беруге болады?

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ұйымына оқуға қабылдау ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып іске асырылады

Егер бала бір мектепке қабылданғанымен, ата-анасы оны басқа мектепке ауыстырғысы келсе, қайда және кімге жолығу керек?

Ата-ана жүйеде баланың мектептен шығарылғанын растау үшін мектепке келуге және қажетті мектепке оқуға қабылдау туралы өтінішті беруге тиіс.

Белгіленген тізімдегі құжаттардан басқа, қосымша құжаттарды алып келу керек пе?

Жалпы білім беретін мектеп тізімде көрсетілген құжаттардан басқа, өзге талаптарды талап ете алмайды. Оның ішінде, жұмыс орнынан анықтамалар, тұрғылықты жерінен анықтамалар немесе ата-анасы есебінен жасалған көшірмелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты
Көрсетілетін қызметтің атауы

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымына құжаттарды тапсыру және оқуға қабылдау

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік қызмет бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар (баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері)

Қызмет қайда көрсетіледі
  • 1 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы: www.egov.kz
  • 2 Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы (электрондық немесе қағаз түрінде, таңдауға қарай)

Қызметті қағаз түрінде алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолығу керек. Осы интернет-портал дәл сол кеңсенің өкілдігі болып табылады. Сондықтан аталған порталдың көмегімен берілген өтініш қағаз түрінде берілген өтінішпен бірдей.

Қызметті көрсету нәтижесі

Портал арқылы жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне құжаттарды қабылдау және ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап орта білім беру ұйымына қабылдау туралы хабарлама келеді, құжаттар топтамасы толық емес ұсынылған жағдайда – бас тарту себебін көрсете отырып дәлелді бас тарту туралы хабарлама келеді.

Қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні

Көрсетілетін қызметтің құны

Тегін

Нормативтік актілер

Көрсетілетін қызмет көптеген нормативтік құжаттармен реттеледі, олар https://adilet.zan.kz сайтында қолжетімді

ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІЛІМІ

Осы интернет-портал арқылы электрондық өтініш беру үшін:

  • 1 баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесі (егер ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса);
  • 2 баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың скан-көшірмесі (№ 065/у нысаны);
  • 3 баланың денсаулық паспортының скан-көшірмелері (052-2/у нысаны);
  • 4 баланың 3х4 см мөлшердегі цифрлық фотосуреті;
  • 5 педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған жағдайда).

Өтініш беру үшін заңды өкіл бірнеше қадамнан өтуге және мынадай ақпаратты ұсынуға тиіс:

Қадам 1
жарамды ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз;
Қадам 2
бала және оның заңды өкілі туралы мәліметтерді көрсету;
Қадам 3
Хабарлау;
Қадам 4
мектеп таңдау;
Қадам 5
электрондық хабарламалардың өлшемшарттарын ретке келтіру;
Қадам 6
жасалған өтінішті тексеру және оны тіркеуге жіберу.
Күшін жою
Техникалық қолдау қол жетімсіз